×

ҚР заңнамасын бұзған ресейлік әйел елден шығарылды

Оған ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленді

 Динара Амантай 17.04.2023 | 15:29
Фото: Halyq Uni

Екі ел азаматтығын қатар алып жүрген ресейлік әйел Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 410 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша елден 84 шетелдік азамат шығарылды. Қос азаматтығы бар 36 адам анықталды және тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Ауыл станциясының шекара бақылау бекетінде Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесіп, «Жаңасібір – Бішкек» бағытындағы жолаушылар пойызында құжаттарды тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының 71 жастағы азаматын анықтады. Көлік полицейлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік материалды Абай облысының Бородулиха аудандық сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түріндегі жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама