Оған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңының күшi жойылуы себеп
Бұған дейін еліміздегі белсенді азаматтарға табысталып келген «Елбасы медалі» атауы «Ел үміті» болып өзгереді.
Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұған дейін тек «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» табыстап келген «Елбасы медалін» енді Оқу-ағарту министрлігі береді. Сонымен қатар жас айырмашылығына да өзгеріс енгізілген. Яғни 29 жасқа дейін берілетін медальді 35-ке дейінгі азаматтарға да табыстау жоспарланған.
Оқу-ағарту министрлігі 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын, - делінген құжатта.
Өзгеріске 2023 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күшi жойылуы себеп болған.