Павлодар облысында 100-ге жуық адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Динара Амантай

Борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрақтарына қойылды

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Құқықтық тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде алимент төлеуден жалтарған 96 адам анықталды. Борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрақтарына қойылды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Мысалы, полицейлер 2013 жылдан бастап сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға қаражат төлеу міндетін атқармайтын ер адамның орналасқан жерін анықтады. Ер адамның 4 млн теңге қарызы бар.

Алимент төлемейтін ер адамдар ғана емес, балаларының тағдырына қызығушылық танытпайтын немқұрайлы аналар да бар. Мәселен, полицейлер облыс орталығының іздеуде жүрген 27 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Ол да өз баласына 4 млн теңгеге жуық қарыз.