Полиция тексеру жүргізіп жатыр
Павлодар облысында көлік аударылып, салдарынан 1 жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 сәуірде ВАЗ-217030 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Астана-Ерементау-Шідерті автожолында аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қаза тапты. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қамалды.
Полиция тексеру жүргізіп жатыр.