Полиция қызметкерлерін балағаттаған бейнеулік әйел жазаға тартылды
Оның өз үйі ауласында масаң халде болып, ақылға қонымсыз әрекет жасағаны анықталды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғынына қатысты іс сотта қаралды. Әйел ішкі істер саласының қызметкеріне балағат сөздер айтқан, деп хабарлады Lada.kz.
Істі қарау кезінде әйелдің өз үйінің ауласында масаң халде болып, ақылға қонымсыз әрекет жасағаны анықталды. Сондықтан көршілер полиция шақырған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген уақытта әйел олардың талабын елемеген.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері тәртіп бұзған әйелдің үстінен хаттама толтырған. Іс сотта қаралып, нәтижесінде әйел Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігімен («Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлау») кінәлі деп танылды. Сот оны 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім қабылдады.