Halyq Uni логотип
×

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты 10 іс тергеуге алынды

Істі ҚР ҰҚК қарап жатыр

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 17:25
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты 10 іс тергеуге алынды
фото: видеодан скриншот

Бірнеше қазақстандық Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікке ілінген. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.

ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша 10 қылмыстық істі тергеп жатыр, - делінген ҰҚК-нің «Курсив» жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 17 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург форумының пленарлық отырысында Владимир Путинмен бірге сөйлеген сөзінде Қазақстан Украинадағы «квазимемлекеттік аумақтардың» тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама