Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік екі жігіт түрмеге есірткі заттарын дронмен өткізбек болған

LADA Priora көлігінде отырған 29-30 жастағы азаматтар ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 14:05
Ақтөбелік екі жігіт түрмеге есірткі заттарын дронмен өткізбек болған
фото: esoreiter.ru

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №8 түзеу мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің сарбаздары қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінің іргелес аумағын патрульдеу кезінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының (дрон) көмегімен кіргізуге жол бермеді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бүгін 00:35 шамасында түзеу мекемесінің күзет бақылаушысынан радиостанция арқылы келесі бір тұрғын аймақтың үстінде, 35-40 метр биіктікте дрон аппаратының шамамен 40-45 секундтай тұрғаны және келесі бір учаскеге қарай бет алғаны, содан кейін белгісіз жерге жасырылғаны жөнінде хабарлама түскен.

Бұл фактіні Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімі бойынша кезекші «102» жедел басқару пультіне хабарлаған. Жедел жеткен патрульдік қызмет экипажымен бірге түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі мекеменің іргелес аумағы бойынша айналма жолды толық тексерді. Олар №9-10 бекетке жақын жерде жүк тұрағының жанында тұрған LADA Priora көлігінде отырған 29-30 жастағы азаматтарды ұстады.

Оқиға орнына Ақтөбе қаласы Астана ауданының №1 жедел-тергеу тобы шақыртылды. Автокөлікті тексеру кезінде дронның қорабы және басқару пульті, сондай-ақ насыбайға ұқсас жасыл түсті заттың 5 қорабы табылды.

Аталған факті мекеменің ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін материал Ақтөбе қаласы Астана ауданының №1 қалалық полиция бөліміне жіберілді», – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы Руслан Уразбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама