Halyq Uni логотип
×

Петропавалда жол ортасынан кесіп өткен қызды автобус қағып кетті (ВИДЕО)

Зардап шеккен қыз түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 12:50
Петропавалда жол ортасынан кесіп өткен қызды автобус қағып кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

15 сәуірде Петропавлдағы Қизатов көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлады polisia.kz.

Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылған.

Зардап шеккен қыз түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Yutong көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша маршруттық автобустың жүргізушісі мас емес, - делінген хабарламада.

Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицейлер қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама