Құзырлы мекемелердің келісімінсіз жер жұмыстары кезінде Ду-225 миллиметр газ құбыры зақымданған
Шымкенттің бірнеше шағынауданы газсыз отыр, деп хабарлады Halyq Uni.
«Асар-2 шағын ауданында құзырлы мекемелердің келісімінсіз жер жұмыстары кезінде 225 миллиметр газ құбыры зақымданған. Осы себепті Асар шағын ауданы, «Асар-2» шағын ауданы, Шымкент қалалық шағын ауданында көгілдір отын уақытша ажыратылды. 2800 тұрғын үй және 900 жер үй газсыз отыр», - делінген хабарламада.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.