Атырауда ер адам 4-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

Динара Амантай

Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды

Фото: Halyq Uni

Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ПБ-ға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен. 1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.

Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.