Олар ауруханаға жеткізілді
Алматы облысының Өтенай кентінде автобус аударылып, бірнеше адам жарақат алды.
Белгілі болғандай, Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, салдарынан автобусқа соғылған.
«Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі – әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорған қалалық полициясының мамандары анықтап жатыр», - деді Алматы облыстық полиция департаменті.