×

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43%-ы қауіпті

Қытай мен Өзбекстанда өндірілген ойыншықтардың құрамында метил спирті анықталған

 Ербол Тұрымбет 11.04.2022 | 09:33
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комитет қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді (43,5%). Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз).

Негізінен, бұзушылықтар: Таңбалауға қатысты 100 пайыз, органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4 пайыз, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8 пайыз (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстанда өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).

Балаларға қауіпті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, - делінген хабарламада.

Сауда кәсіпорындарында екі айда 3,6 келі ойыншық сатылымнан шығарылды. Бұл құжатсыз сатылған, талапқа сай емес, негізінен Қытайда жасалған тауарлар: қуыршақтар, автотрансформаторлар, көлік жинақтары, стресске қарсы ойыншықтар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама