×

Қарағанды облысындағы ауыл 27 жылдан бері ауыз сусыз отыр (ВИДЕО)

Торанғалық тұрғындары проблема тез арада шешілсе деген тілектерін білдіріп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.04.2023 | 16:15
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Торанғалық ауылының тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Бір топ ауыл тұрғыны Торанғалық елді мекенінде 27 жылдан бері краннан тұщы судың ақпайтынын, соның кесірінен олар ауыз суды сатып алуға мәжбүр болып отырғанын айтты.

Құрметті президент мырза, біз сізден мына проблеманы шешіп беру үшін көмек сұрап отырмыз. Біздің ауыл 27 жылдан бері ауыз суды көрмей келеді. Осынша уақыт краннан су ақпай жатыр. Бізге су көлікпен жеткізіледі. Оның литрі – 3 теңге. Бізде енді тағы бір проблема шықты. Қарағанды-Алматы бағытындағы автобанның құрылысы кезінде біздің ауылға бұрылысты істеуді ұмытып кетіпті. Соның кесірінен енді төтенше жағдайлар, жедел жәрдем мен басқа да мекемелердің қызметкерлері біздің ауылға жету үшін 15 шақырым жолды айналып келетін болады. Осы мәселе ауыл халқына қиындық туғызып отыр.

Туризмді дамыту туралы да жиі айтып келесіз. Мұныңыз дұрыс. Алайда біздің ауылға баратын тасжол салынбаған. Ол жанынан салынған. Сондықтан туристерді біздің жаққа жиі келеді дегенге сенбеймін. Сізден ауылға баратын жолды салып беруіңізді, таза сумен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз, – деді ауыл тұрғыны.

Президентке видеоүндеу жолдаған ауыл халқы осылайша Торанғалықтың проблемасы тез арада шешілсе деген тілектерін білдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама