Ол Қазақстан аумағынан өтіп бара жатқан
Ресейден Тәжікстанға бағыт алған жүк көлігі Түркістан облысы маңында өртке оранды. Оқиға кеше кешке «Самара – Шымкент» тас жолының 73-ші шақырымында болған.
Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің тіркеме баллоны жанған. Көліктегі тұрмыстық техника түгел өртенген, – дейді Түркістан облысы полиция департаменті.
Адам шығыны жоқ. Жүргізуші көліктен дереу шығып үлгерген.
Бұл оқиға Бәйдібек ауданының полиция бөлімшесінде тіркелді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.