×

Түркістан облысында шетелдік жүк көлігі өртенді

Ол Қазақстан аумағынан өтіп бара жатқан

 Халық үні 10.04.2022 | 13:00
фото: ашық дереккөзден

Ресейден Тәжікстанға бағыт алған жүк көлігі Түркістан облысы маңында өртке оранды. Оқиға кеше кешке «Самара – Шымкент» тас жолының 73-ші шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің тіркеме баллоны жанған. Көліктегі тұрмыстық техника түгел өртенген, – дейді Түркістан облысы полиция департаменті.

Адам шығыны жоқ. Жүргізуші көліктен дереу шығып үлгерген.

Бұл оқиға Бәйдібек ауданының полиция бөлімшесінде тіркелді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама