Айналасы екі күнде бір сыныпта оқитын екі оқушы көз жұмған
Әлеуметтік желіде Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында болған оқиғаға байланысты наразылық күшейіп жатыр. Бұл ауылда екі оқушы көз жұмған. Facebook-те Диас Нұрақын есімді азамат екі күн бұрын 10-сыныптың баласын үлкен сыныптың оқушысы ұрып өлтіргенін, осы ақпаратқа есеңгіреп отырғанда ауылдан таңатпай тағы бір қаралы хабар жеткенін жазған.
Көлсайдың кіреберісіндегі Саты ауылында 10-сыныптың тағы бір оқушысы асылып өліпті. Айналасы екі күнде бір ауылдан, бір мектептен, бір сыныптан екі оқушы бақилық болды. Ата-аналарына сабыр берсін! Бірінші өлімнен кейін ауылда жиналыс болып, тексеріс басталыпты. Тіпті, мектептің завучын жұмыстан алып тастады деген ақпарат жетті. Өрімдей жастар өліп жатқанда завучты қуып жібергендері қызық екен. Меніңше, мектеп директорнынан бастап, аудандық, облыстық білім бөлімінің басшыларын түгел жауапкершілікке тарту керек. Ауылдағы құқықтық тәртіпті қадағалай алмаған полицейлер мен идеологияға жауапты аудандық шенеуніктер де жазасыз қалмауға тиіс, – деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде жазба авторы Бас прокуратураны, Оқу-ағарту министрлігі, Алматы облысының әкімдігі мен облыстық білім басқармасын тегтеп, олардан осы іске араласуды сұрады.