×

Шымкентте бастауыш сынып оқушыларына туберкулезбен ауыратын мұғалім сабақ берген

Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2023 | 11:20
фото: qogamnews.kz

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы №33 мектепте туберкулездің ашық түрімен ауырған мұғалімнің оқушыларға сабақ бергенін хабарлаған еді. Ол бірнеше сыныпта сабақ берген. Атап айтқанда, бірінші және төртінші сынып оқушыларымен байланыста болған.

Санэпидемиологтардың айтуынша, оқушылар мен мұғалімдер арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Осыған байланысты мектеп дезинфекцияланып, оқушылар бір күнге онлайн форматқа ауыстырылған. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, ол мұғалім 16 наурызда медициналық тексерістен өткен. Сол кезде флюорография да жасалыпты. Ал дәрігерлер «созылмалы бронхит» деген диагноз қойды. 7 сәуірде кешкі сағат 20:30-да мұғалім өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер оны бірден туберкулез диспансеріне алып барды. 8 сәуір, сенбі күні анализдерге талдау жасалды. Соның қорытындысы бойынша туберкулез анықталды, - дейді басқарма мамандары.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тексеріс шараларын жалғастырып жатыр. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Балалардан сынама алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама