Талапкердің өтініші қайта қаралады
Павлодардың тұрғыны мен қаланың аудан әкімдерінің бірі жер учаскесіне қатысты соттасты. Аудан әкімі ер адамға бағбаншылық үшін жер учаскесін жеке меншікке беруден бас тартқан.
Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды. Тарқатып айтар болсақ, талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанынан құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген.
Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі кезінде талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін сот медиативтік келісімді бекітті.
Енді талапкер жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішпен жер комиссиясына қайта жүгінеді. Ал әкім белгіленген жағдайларды ескере отырып, өтінішті қарайтын жер комиссиясының отырысына қайта шығаруға міндеттелді.