Мемлекеттік тілде ақпарат бермегені үшін айыппұл салынды
Мотор майлары заңға қайшы сатылған
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін мотор майын сату бойынша мемлекеттік тілде толық ақпарат бермегені үшін «Кешенді қоғамдық мониторинг орталығы» ЖҚБ-ға айыппұл салынды.
Тексеру кезінде мотор майларының тұтынушыға мемлекеттік тілде толық жазылмай сатылғаны анықталды.
Ақпарат үшін айта кетсек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мотор майларын бөлшек саудада сату кезінде тұтынушыға арналған ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы керек. Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімді дайындаушылар, импорттаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген адамдар, сатушылар өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
Әкімшілік іс жүргізуді қарау нәтижелері бойынша КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» талаптарын бұза отырып, тұтынушыға мемлекеттік тілде толық жазылмаған ақпарат бергені үшін кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұл төленді. Департамент берген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалды, – делінген хабарламада.
Қазір мемлекеттік инспекторлар кәсіпорынмен техникалық реттеу және техникалық регламенттер саласындағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.