Биыл 450 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Бұл мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жылы – 5 175 теңге) ауыстырылды.
Биыл 1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, 137,3 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.