Halyq Uni логотип
×

«5 жыл күттім»: Қызылордалық әйел үшем дүниеге әкелді

Салмағы шамамен 1,5 келі болып туған нәрестелер өздігімен ана сүтін еміп жатыр

 Халық үні 14.04.2023 | 07:29
«5 жыл күттім»: Қызылордалық әйел үшем дүниеге әкелді
фото: 24.kz

Қызылордада Айлин, Анель, Адель есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 жыл бойы нәресте иісін аңсаған Ұзынжасовтар отбасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО көмегімен перзент сүю бақытына кенеліп отыр. Кішкентай шақалақтар мерзімінен бұрын жүктіліктің 28-ші аптасында Байқоңырда дүниеге келген. Дереу санитарлық авиация көмегімен облыстық «Ана мен бала» орталығына жеткізілген сәбилер қазір мамандардың жіті бақылауында. Салмағы шамамен 1,5 келі болып туған нәрестелер өздігімен ана сүтін еміп жатыр.

Жалпы, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша облысқа биыл 274 квота бөлінген. Қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен жыл басынан бері 62 перзент дүниеге келді. Қазіргі таңда 700-ге жуық сырбойылық отбасы жасанды ұрықтандыру кезегінде тұр.

«5 жыл күттік осы сәбилерді. 4 жылдан кейін портал алдық. Осы Қызылорда облысында экомед клиникасында қаралып жүрдім. Бала көтере алмайтынымды 4 жылдан кейін білдім. 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасымен тізімге тұрдым. Құжаттарымды бастап дайындап, тамызда «перенос» болып, балаларды салдырып келдім, 2 бала болған. Одан кейін Алланың құдыретімен 3 сәби дүниеге келіп жатыр»,- дейді үшемнің анасы Әйгерім Әлімханова.

«Біздің облысымыз бойынша 119 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 3 егіз бала. Былтырғы жылы 2022-де 277 квота бөлініп, ол да толықтай игерілді»,- деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама