Жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шаққан 168 150 студент оқиды
Мемлекет халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін студенттердің жатақханада тұруын субсидиялауды жоспарлап отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұруға жұмсалатын шығынды басқа қаладан келіп оқитын бір студент үшін жылына 29 АЕК мөлшерінде ішінара өтемақы жүргізу ұсынылады. Бір студентке жылына 100 050 теңге, - делінген құжатта.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, қазір еліміздің жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шаққан 168 150 студент оқиды.
Республикалық бюджетке бір мезгілде жүктемені болдырмау үшін осы тапсырманы кезең-кезеңімен іске асыру орынды деп санаймыз, - деп мәлімдеді министрлік.
Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаж студенттерге, сондай-ақ жекелеген студенттерге олардың әлеуметтік қорғалмау деңгейіне қарай тұру шығындарын субсидиялау ұсынылып отыр:
Мұндай жағдайда үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 1,1 млрд теңгені құрайды.
Қаулы жобасы 26 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.