Елорда іргесіндегі ауылда мекеме басшысы жұмысшының өліміне кінәлі деп танылды
Еңбек инспекциясының тергеп-тексеру актісі заңсыз болған
Ақмола облысында мекеме басшысы жұмысшының өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2022 жылдың қыркүйегінде Целиноград ауданы Қоянды ауылында жазатайым оқиға болған. Су құбыры желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмысшы күкіртті сутектен қатты уланудан құдықта қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жанында құрылған комиссия арнайы тергеп-тексеру жүргізген.
Актіге сәйкес, жазатайым оқиғаның себебі – жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыруы қанағаттандырусыз, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша персоналға жұмыс уақытынан тыс бақылау дұрыс жүргізілмеген, басшының тапсырмасынсыз және жұмыс уақытынан тыс жұмыстарды жүргізуде жәбірленушінің өзімен өрескел бұзушылық.
Комиссияның тұжырымдамасы: соңы өлімге алып келген өндірісте болған жазатайым оқиға. Жұмыскердің кінәсінің дәрежесі – 70%, басшынікі – 30%.
Қаза тапқан жұмысшының әйелі жұмыс беруші жұбайының өліміне 100% кінәлі деп санап, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қатысты жазатайым оқиғаның актісін заңсыз деп тану туралы талабымен сотқа жүгінді.
Сотта анықталғандай, жұмысшы еңбек міндеттерін орындаған кезде арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Бұл еңбек заңнамасы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты өрескел бұзу болып табылады. Сондай-ақ жұмысшының өз бастамасы бойынша, түскі ас уақытында үйді іске қосқаны туралы фактілер куәлардың айғақтарымен жоққа шығарылды. Бұған қоса куәлардан жауап алу хаттамаларына кәсіпорынның заңгері қол қоймаған. Ал арнайы жабдықтар – газ талдағыштар, газды сигнализаторлар, шамдар, желдеткіштер, газқағарлар және басқа да қорғаныс құралдары еңбек қызметі барысында қолданылмаған.
Осы мән-жайлар жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жұмыс берушімен тиісінше орындалмауын білдіреді.
Сотпен жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі заңсыз деп танылып, әйелдің Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қатысты талабы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.