×

Алматыда жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі

Одан кейін жиналған ақша Алматы бюджетіне түсетін болады, - деді Ерболат Досаев

 Дастан Жұмабекұлы 13.04.2023 | 11:23
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде қала атынан жалға алынған автотұрақтардың «Алматы паркингіне» берілетінін хабарлады. Бұл туралы ол автотұраққа қатысты қала тұрғынының сұрағына берген жауабында айтты.

Жетісу-2 шағын ауданында 16 және 19-үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан аса уақыт болды. Ол жерде тәртіпсіздік болып жатыр. Біз меншік иесінің кім екенін түсіне алмаймыз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ. Олар ештеңе бермейді, жауапкершілік көтермейді. Бірақ біз ай сайын ақша төлейміз. Жер жеке меншікте. Осыған не дейсіз? –  деп сұрады тұрғын.

Оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев былай деп жауап берді:

Біз қала атынан жалға алынған автотұрақтардың астындағы жерлерді «Алматы паркингке» береміз.  Одан кейін жиналған ақша Алматы бюджетіне түсетін болады. Жер қатынастары басқармасы арқылы жердің мәртебесін анықтап, қалалық мобильділік басқармасынан не істеуге болатыны білеміз.

Әрі қарай әкім мемлекеттік кірістер департаментіне бизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, прокуратурамен салық төлеу мәселелерін пысықтауды тапсыратынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама