Аурухана қызметкерлерінің полиция шақыруына тура келген
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында науқас әйел ауруханада былапыт сөздер айтқаны үшін қамауға алынды. Бул туралы yk-news.kz хабарлады.
Шемонаиха аудандық ауруханасында аяғын жарақаттап алған ауыл тұрғыны қабылдау бөлмесінде кезекте отырған. Сол кезде ол ашуланып, айналасындағы адамдарға былапыт сөздер айта бастаған. Аурухана қызметкерлерінің полиция шақыруына тура келген.
Осы оқиғадан кейін Шемонаиха аудандық соты былапыт сөз айтып, шу шығарған әйелді 3 күнге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
6 наурызда қоғамдық орында былапыт сөз айтқан адамдарға салынатын айыппұл 4 есе көбейген болатын. Енді қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.