Ведомствоның кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Елдей Сейілханға қатысты қызметтік тергеу басталды
Қызылордада баласы жасөспірімді ұрды деп айыпталған қалалық полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
Биыл 7 наурызда Қызылорда қаласындағы «Тарлан» спорт кешенінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал шығып, салдарынан 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Сол кезде оны жоғары лауазымды полицейдің баласы ұрды деп айыпталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін қалалық полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына тәртіптік шара (қатаң сөгіс) қолданылды. Бұл шенеуніктің Қызылордадағы «Тарлан» спорт кешені алдында жасаған әрекеті қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады және тәртіп сақшысына сай емес, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қызылорда полициясында осы оқиғадан кейін қалалық полиция басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Елдей Сейілханға қатысты қызметтік тергеу басталды.
ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу басталды. Жаттықтырушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») қылмыстық іс тіркелген. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірім соққыға жығылған болатын.