Halyq Uni логотип
×

Ақтауда ауызашарға барған дәрігерлер уланып қалды

Он адам бірден ауруханаға жатқызылды

 Дастан Жұмабекұлы 12.04.2023 | 14:48
Ақтауда ауызашарға барған дәрігерлер уланып қалды
фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласында ауызашарға барған медицина қызметкерлері астан уланып қалды. Lada.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы терапевт, дәрігер-пульмонолог Индира Атажанова айтқан.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 16 адам улану белгілерімен шағымданған. Науқастарда қызу көтерілу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған.

10 сәуірде Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болып, оған қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері – жалпы 50 адам шақырылған. Астан шыққаннан кейін облыстық ауруханаға 16 адам улану белгілерімен шағымданған. Соның ішінде 10 адам ауруханаға жатқызылған.  Қазір барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Ал дәрігер Индира Атажанованың айтуынша, ауызашарда уланған медицина қызметкерлерінің жағдайы қиын. Асқа 50 адам шақырылса, олардың әрқайсысы – кемінде 150 адамнан қабылдайтын мамандар.

Қазір біз мейрамхананың атын атамауды жөн көріп отырмыз. Жағдай өте қиын. Дәрігерлерге обал болды. Олардың әрқайсысының артында күнде келіп емделетін науқас адамдар тұр, – деді ол.

Облыстық аурахананың мәліметіне қарағанда, қазір медицина қызметкерлерінің жағдайы біршама жақсарып келеді. Көп алаңдауға болмайды. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық анализдер алынып, бәрі ем қабылдап жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама