Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала қаза тапты
Тағы 3 адам ауруханаға жатқызылды
Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленинский – Курчатов және Ақсу – Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 соқтығысқан. Салдарынан Audi-80 автокөлігінің 2021 жылы туған жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып, Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.