Ол әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Күнсұлу Закария 2022 жылдың 18 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры болды.
Күнсұлу Закария әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасының әзірлеушісі.