×

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болды

Ол әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

 Халық үні 12.04.2023 | 12:34
Фото: ашық дереккөз

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Күнсұлу Закария 2022 жылдың 18 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры болды.

Күнсұлу Закария әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасының әзірлеушісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама