Halyq Uni логотип
×

«Не үшін кетуім керек?»: Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады

Депутат ауыл тұрғындары мен шаруалар өзіне үлкен үміт артып отырғанын айтты

 Халық үні 12.04.2023 | 11:32
«Не үшін кетуім керек?»: Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Ұлдарыма байланысты туындаған мәселе бойынша көпшілігіңіз депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Ұлдарымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?», - деді Дайрабаев мәжіліс отырысында.

Депутат ауыл тұрғындары мен шаруалар, «Ауыл» партиясы өзіне үлкен үміт артып отырғанын айтты.

Көптеген өткір мәселені қолға алып, жұмыс істеуім керек, - деді ол.

ДАЙРАБАЕТЫҢ ЕКІ ҰЛЫ СОТТАЛДЫ

2023 жылдың 6 сәуірінде Тараз қаласының №2 соты алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша айыпталған 4 тұлғаға үкім шығарды. Оның ішінде мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлы бар.

Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, екеуі де 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оларға пробациялық бақылау қойылады.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Ерлан Күлекеев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер Елжан Елібайдың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды.

Олар субсидиялау қағидаларын бұзып, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде шығын келтірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама