Halyq Uni логотип
×

Қырғызстан тарапынан шекараны заңсыз кесіп өткен Күдебаевқа қатысты жауап келді

Қырғыз тарапы да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады

 Дәурен Ерболат 12.04.2023 | 11:08
Қырғызстан тарапынан шекараны заңсыз кесіп өткен Күдебаевқа қатысты жауап келді
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Бас прокурардың орынбасары Жандос Өмірәлиев шекараны заңсыз кесіп өткен Серік Күдебаевқа қатысты Қырғызстан тарапынан ресми сауалға жауап келгенін хабарлады.

«Бас прокуратура оны өндірісіне қабылдап қалды. Бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына барлық құқық қорғау органының ең мықты, тәжірибелі тергеушілері мен жедел уәкілдері қосылды. Ол Қырғызстанға кетті деген мәлімет бар. Сондықтан біз Қырғыз Республикасына сауал жолдадық. Сауалға жауап алдық. Тергеу тобындағы біздің қызметкерлер Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сол елдің территориясында тергеу жүргізуге мүмкіндік алдық. Тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз. Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кетті деген мәлімет бар. Қырғыз тарапы да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша (қылмыстық) істі тергеуді бастады», - деді Жандос Өмірәлиев.

Бас прокуратура өкілі Түркия мен Қазақстан арасында ұсталған азаматтарды беру туралы екі жақты келісім бар. Қазір ҚР Бас прокуратурасы Түркияның құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып жатыр.

Еске салайық, 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама