×

Павлодарда 1 жасар сәби шелектегі суға тұншығып қала жаздады

Қазір ол соматикалық бөлімде емделіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 12.04.2023 | 10:09
фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласында дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған сәбидің өмірін ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Қазір бала ауруханада жатыр. Облыстық аурухананың мәліметіне қарағанда, 2022 жылы туған қызды 10 сәуірде облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізген.

Аурухана дәрігерлері сәбидің жағдайы қалыпша деп отыр. Қазір ол соматикалық бөлімде емделіп жатыр.

Айта кетсек, осыдан екі ай бұрын ғана бір шелек суға батып кеткен сәби көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама