Балалар жесін деп мен өзім ет жемеймін, - дейді шарасыз ана
Мемлекет беретін 120 мың теңге жәрдемақы ішкен-жегінімізден артылмайды. «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында аутист баланы тәрбиелеп отырған астаналық Қарлығаш Әбілбекова осылай деді.
Жалғызбасты ана балаларын асырау үшін нәпақасын табуға да тырысып көріпті. Бірақ ерекше баласы қолды-аяққа тұрмай, қашып кете берген соң жұмысын тастауға мәжбүр болған.
Өзімнің баспанам болғанын қалаймын. 120 мың теңге деген күлкілі ақша сияқты. Бір адамның басына 70-80 мың теңге жұмсалады екен. Балам ерекше болған соң, оның памперсі бар. Тамағы бар. Етті 10 мыңға алып қоямын. Оның өзі 1 айға жетпейді. Балалар жесін деп мен өзім ет жемеймін, - дейді Қарлығаш Әбілбекова.
Рамазан айында Ерсұлтанның отбасына көмектесіп, сауапты іс жасаңыз, ағайын!
РЕКВИЗИТТЕР: