×

Мемлекет беретін 120 мың теңге түкке де жетпейді – елордалық әйелдің жанайқайы (ВИДЕО)

Балалар жесін деп мен өзім ет жемеймін, - дейді шарасыз ана

 Халық үні 11.04.2023 | 15:45

Мемлекет беретін 120 мың теңге жәрдемақы ішкен-жегінімізден артылмайды. «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында аутист баланы тәрбиелеп отырған астаналық Қарлығаш Әбілбекова осылай деді.

Жалғызбасты ана балаларын асырау үшін нәпақасын табуға да тырысып көріпті. Бірақ ерекше баласы қолды-аяққа тұрмай, қашып кете берген соң жұмысын тастауға мәжбүр болған.

Өзімнің баспанам болғанын қалаймын. 120 мың теңге деген күлкілі ақша сияқты. Бір адамның басына 70-80 мың теңге жұмсалады екен. Балам ерекше болған соң, оның памперсі бар. Тамағы бар. Етті 10 мыңға алып қоямын. Оның өзі 1 айға жетпейді. Балалар жесін деп мен өзім ет жемеймін, - дейді Қарлығаш Әбілбекова.

Рамазан айында Ерсұлтанның отбасына  көмектесіп, сауапты іс жасаңыз, ағайын!

РЕКВИЗИТТЕР:

  • 4400430122840686 Индира А. (Жеңгесінің банк карточкасы)
  • Байланыс нөмірі: 8 700 423 07 93.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама