Роман Скляр алдағы қыста Екібастұзда болған жағдай қайталанбайтынын айтты

Дәурен Ерболат

Үкімет қаладағы жылу желілерін жаңартуға қаржы бөледі

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу желілеріне жөндеу жұмыстары толық жүргізілетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр мен әкімдік аудит аяқталғанын хабарлады. Екібастұз ЖЭО-ға және жылу желілеріне бөлінген. Облыс әкімінің айтуынша, жөндеу жұмыстары толық жүргізіледі. Мен оны қолдаймын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда мәселе болмайды, - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мемлекет Екібастұздағы ЖЭО мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алған.

5,3 шақырым жылу желісі қайта салынады. Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізіп, жылумен жабдықтау жүйесін жақсартады, - деді Роман Скляр.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Екібастұз ЖЭО иесі Александр Клебановқа қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

Мен Клебанов мырза үшін жауап бергім келмейді. Ол өзі үшін айтсын. Біздің міндетіміз – Екібастұз қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз ету. Біз оны заңды түрде орындаймыз.

Мысалы, коммуналдық меншікке алатын жабдықты, ЖЭО деңгейіндегі жылу желілерін өз есебімізден қаржыландырамыз. Оларға (Александр Клебановқа – автор) тиесілі жабдықты өздері қаржыландырады. Осылайша біз бірлесіп, қаржыландыруды арттырып, (қаладағы – автор) жылумен жабдықтау мәселесін шешеміз», - деп түйіндеді сөзін вице-премьер.

Айта кетейік, министр Екібастұздағы жылу желілерін жөндеуге 9,6 млрд қарастырылғанын айтты.