Екібастұздағы жылу желілерін жөндеуге 9,6 млрд қарастырылған – ИИДМ
Екі өңірдегі құбырларды жаңарту үшін 13 млрд теңге керек
Биыл Екібастұздағы жылу желілерін жөндеуге 9,6 млрд қарастырылып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысында министр Ақмола және Павлодар облыстарында жылу желілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
Биыл 15 наурызда Екібастұз қаласында жалпы сомасы шамамен 9,6 млрд теңгеге (5,3 км) 4 жылу магистралін (ТМ-2, ТМ-5, ТМ-8, ТМ-12) реконструкциялауға және Павлодар қаласында жылу желілерінің жаңа 5 құрылысына 4,4 млрд теңгеге (1,8 км) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Үкімет резервінен тиісті қаражатты бөлу туралы қаулы жобасы (13,3 млрд теңге) мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
Сондай-ақ Степногорск және Көкшетау қалалары бойынша жылу желілерін жөндеуге (5,9 млрд теңге, 18,3 шақырым) Ақмола облысы әкімінің өтінішхаты жолданды, - деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, бүгінде сметалық құжаттамалары пысықталуда. Жақын арада Қаржы министрлігіне қолдаухат жіберіледі.
Алдағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін төмендегі жұмыстар жүргізілуі керек:
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың және әлеуметтік саланың барлық объектісін алдағы 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуі және бекітуі, көмір қажеттілігінің дұрыс жоспарларын қалыптастыруы;
- 2023 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде жылу желілерінің жай-күйіне техникалық тексеру жүргізуі және жеке желілерді коммуналдық меншікке берудің орындылығы мәселесін қарауы;
- 2023 жылдың соңына дейін 2024 жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жобалау-еталық құжаттама әзірлеуді аяқтауы;
- жазда тұйықтарда және көмір шұңқырларында көмір қорларын жинауды бастауы;
- сауда биржасының ашық жұмысын және көлемдердің біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуге міндетті.