Петропавлдың 67 жастағы тұрғыны автобус жүргізушісін талдырып тастады (ВИДЕО)
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Петропавлда жол ақысын төлемеген 67 жастағы қария автобус жүргізушісін қылғындырып тастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.
Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.