Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Елге оралғандардың көбі Алматы облысына қоныстанды

 Динара Амантай 10.04.2023 | 09:46
Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: Halyq Uni

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3%-ы – Қытайдан, 6,3%-ы – Түрікменстаннан, 5,3%-ы – Моңғолиядан, 13%-ы – Ресейден және 3,7%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрады.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы – жоғары білімді, 39,9%-ы – орта кәсіби білімді, 36,7%-ы – жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама