Бұған дейін жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты тексеру басталды
Қазір аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы туған балғын облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Екі жақты жіті полисегментальды пневмония диагнозына байланысты жағдайы тұрақты және ауыр. Сондай-ақ церебральды сал ауруы, симптоматикалық эпилепсия, конвульсиялық синдром диагноздары қойылған, - дейді басқарма.
Бұнымен қатар сәбидің сегізінші қабырғасы сынған.
Бұған дейін Павлодарда жедел жәрдем дәрігерлері баланың қабырғасын сындырып жібергені белгілі болды.