Ол кеше кешке аулаға серуендеуге шыққан
Ақмола облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды. Ол кәріз құдығына құлап кеткен.
Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кеше сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап хабарласқан.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері оның денесін үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан тапты.
Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.