Атбасардың 2 тұрғыны түнде көшеде жүрген итті сойып алған

Еркеғали Болатұлы

Тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді

фото: kartinkin.net

Атбасарда учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сойғанын анықтады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, түнде екі адам көшедегі итті тамақ ету үшін сойып алған.

Олар итті пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен. Ал қалған бөлігі оқиға орнында қалған, - делінген хабарламада.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 316-бабы 3-бөлігі («Жануарларға қатыгездік») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді. Қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазір оқиға барысын тергеу жүріп жатыр.