×

ШҚО-да жерге таласқан әйел көршісін сотқа берген

Мәселе медиативтік келісіммен шешілді

 Динара Амантай 08.04.2023 | 14:25
Фото: dimdom.ru

Алтай аудандық сотында жер учаскесінің шекарасын қалпына келтіру туралы азаматтық істі қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2020 жылы талапкер Алтай қаласында жер учаскесі бар үй сатып алған. Ол ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгініп, оның мамандары жер учаскелерінің шекараларын зерттеу кезінде көршісінің үйі ішінара талапкердің учаскесінде тұрғанын анықтады. Әйел көршісіне жазбаша талап қойылып, 10 күн ішінде мәселені шешу ұсынылды. Алайда көршісі әйелдің талаптарын қанағаттандырғысы келмеген. Осыған байлпанысты әйел жер учаскесінің шекараларын қалпына келтіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінген.

Алтай аудандық сотында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге және медиативтік келісім жасауға келген. Оның шарттары бойынша әйел өз талап-арызынан бас тарып, ал көршісі әйелге 260 мың теңге мөлшеріндегі ақша берген. Бұл жер учаскесіне құжаттарды нақты мөлшері бойынша азайту жағына қайта рәсімдегені үшін өтемақы болып табылады.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама