Оның бесеуі колледж студенті болса, үшеуі - мектеп оқушылары
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері бір топт қыздың колледж студентін ұрып-соғып, оның видеосын әлеуметітк желіде жарияланған адамдарғақатысты істі тергеп жатыр. Осы видеоны халыққа таратқан таратқан адамдар іздестірілуде.
Yk-news-тің хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты Өскемен қалалық полициясы қатарласын камераға шешінуге мәжбүрлеген бір топ қыздың видеосын тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының халықтың мүддесін қорғау жөніндегі басқармасының прокуроры Сәуле Губашеваның айтуынша, осы оқиғаға қатысты сот алдында болатын тергеу басталды. Әзірше сегіз жасөспірім қыз күдікті болып отыр. Оның бесеуі колледж студеттері болса, үшеуі – мектеп оқушылары. Олар біршама уақыт жәбірленуші қызға сес көрсетіп, қорқытып жүрген.
Қазір материалдарды заңсыз тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық іске қатысы бар адамдар жауапкершілікке тартылатын болады. Біздің пікірімізше, бұл топ бір адамды ғана ұрып-соқпаған. Олар басқа да қылмыс жасаса анықтаймыз. Ол үшін әрине, зардап шеккен адамлдар арыз жазуы керек, – деді ол.
Еске сала ктесек, сәуір айының басында мессенджерлерде жасөспірімдердің құрбысын ұрып-соғу және қорлауы сипатында видео жарияланған еді. Кейін бұл оқиға бір ай бұрын Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде болғаны анықталды.