Бұған қоса қылмыскер деструктивті діни ағым жақтаушысы болып шықты
Шымкент қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» және «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Өзбекстанда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, құрықтады. Бұған дейін көрші елдің тәртіп сақшылары 30 жастағы деструктивті діни ағым жақтаушысын халықаралық іздеуге жариялаған болатын.
«Ұсталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғын үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды. Қазір полицейлер оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатыр», – дейді полиция.