Halyq Uni логотип
×

Балаларға қара нан мен жұмыртқа ғана берген балабақша қызметкерлері жазаланды (ВИДЕО)

Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен қалалық білім басқармасының бөлім басшысына да тәртіптік жаза қолданылған

 Еркеғали Болатұлы 07.04.2023 | 17:40
Балаларға қара нан мен жұмыртқа ғана берген балабақша қызметкерлері жазаланды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы №164 мемлекеттік балабақшада бүлдіршіндердің тамағы көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған.

Алматы қаласының білім басқармасы бұл балабақшаға қоғамдық тамақтану жағдайын бақылау үшін арнайы комиссия құрған. Комиссия бірнеше күн тексеру жүргізіп, бірнеше маманды жұмыстан шығарды.

Мониторинг барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін балабақша меңгерушісі, медбике және әдіскері қызметінен босатылды. Сонымен қатар, топ тәрбиешісі, қоймашы және аспазға тәртіптік жаза қолданылды, - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына бақылауды әлсіреткені үшін Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама