Алтынның бағасы 36 пайызға қымбаттаған
Елімізде неке сақиналары бірден 36 пайызға қымбаттап кеткен. Қалтасына ауыр тиген бойдақтар үйленудің қиынға соғып баратынын айтады, деп хабарлады Еуразия бірінші телеарнасы.
«Бұл – рас ақпарат. Басты себептердің бірі – әлемдік биржадағы унцияның өсуі. Унция өскендіктен, алтынның бағасы да шамамен 30-40 пайызға қымбаттады. Оның үстіне тасымалдаушылармен доллардың курсы арқылы есептесеміз. Сондықтан нарықтағы доллар құнының өсуі тікелей алтын бағасының артуына әкеліп соғады», - дейді сатушы Айша Рахымбекова.
Қазір дүкендерде сапасына қарай алтын неке жүзіктер 50-60 мың теңгеден басталады.
Бағасы тиімді емес. Қатты қымбаттап кеткен. Бұларды алу мүмкін емес,- дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлшат Таусарова.
Көпшілік бірден сатып алуға қалталары көтере бермейтіндіктен несиеге бөліп төлеуге алуға мәжбүр екенін айтады.