Halyq Uni логотип
×

Оқушы мектепте «марганцовка» ішіп, уланып қалған

Бала ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 08.04.2022 | 10:50
Оқушы мектепте «марганцовка» ішіп, уланып қалған
коллаж: Halyq Uni

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганец ерітіндісін ішіп қойған.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 141-бабы, яғни «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – дейді облыстық полиция департаменті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, наурызда қала мектептерінің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, сол жерде тұрған калий пермаганатын аузына салған. Мектеп медбикесі жедел жәрдем келгенге дейін баланың аузын шая бастаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кәмелетке толмаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Тәртіп сақшылары оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сынып мұғалімінің басқа оқушының аяғы және қолындағы жараларды емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен «марганцовка» алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек болып, асығыста марганец ерітіндісі бар бөтелкені жұмыс үстелінің шкафына салған», - деді департамент.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама