ІІМ мен Антикор полиция қатарындағы жемқорлықпен бірігіп күресуді бастады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Жымқыру фактісі бойынша ведомствоаралық (ІІМ және Антикор) жедел-тергеу тобы құрылды.
Еске салайық, ІІМ мен Антикор полиция қатарындағы жемқорлыққа қарсы бірігіп күресуге кірісіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен алмасу, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және талдау жүргізу көзделген.