×

Шымкентте АӘК алушылардың саны азайды

Кәсіпкерлер бизнесін ашқан соң әлеуметтік көмек алудан бас тартқан

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 09:56
фото: ашық дереккөз

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылар мұқтаж жандар қатарынан шығып жатыр.

Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, олардың көбісі – мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан азаматтар. Кәсіпкерлер өз бизнесін ашқан соң, әлеуметтік көмек алудан бас тартқан. Өйткені олар енді өзін ғана асырап қоймай, өзге адамдарды да жұмыспен қамти алады.

Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасының қазір жеке бизнесі бар. Шымкент қаласының тұрғыны Әйгерім Бекбауованың айтуынша, ол бала кезінен кәсіп ашуды армандаған. Бірақ көпбалалы отбасында тәрбиеленген соң, қаржы тапшылығынан жеке кәсібін аша алмаған. Дегенмен ол кәсіпкерлік оқытудан өтіп, 400 АЕК көлемінде грант ұтып алды.

Қазір оның компьютерлік қызмет көрсететін және құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорны бар. Айлық табысы шамамен 1 млн теңгеден асады.

Шымкентте аз қамтылған отбасылар арасында кәсіп бастап, кәсіпкерлікпен айналысып жатқан азаматтар жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл туралы қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова та айтты. Оның айтуынша, бүгінде бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп жатыр.  

АӘК алушылар саны 2021 жыл мен 2022 жылды салыстырмалы түрде алғанда 67,2 пайыз азайған. 2021 жылы 50 мың 563 отбасы болса, 2022 жылы 16 мың 595-ке азайған. Жалпы АӘК отбасына тағайындалады. Оның мұқтаж, мұқтаж емес екендігі аудан әкімдігінің комиссия қорытындысы негізінде және базадан табыс көзі мен барлық дүниемүлкі есептеліп, соған сай анықталады, – деді Балмаржан Нарбекова.

Осы ретте ол адамда ең бастысы ниет пен бизнес жоспар болса, мемлекет еңбекті ескеріп, 400 АЕК көлемінде, яғни 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты қайтарымсыз грант ретінде беретінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама